09.05.2022

РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Референдум өткізу туралы бейне-үндеу жолдап, шешім қабылдады.

Осы мақсатта, «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы жанынан арнайы штаб құрылып, алғашқы отырысы өтті.

21 адамнан тұратын штабтың құрамына Мәслихат хатшысы, партия жанынан құрылған қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері, белсенді партияластар, Саяси Кеңес мүшелері мен аудандық мәслихаттың депутаттары енді.

Штаб референдум кезінде қазақстандық қоғамдастықты топтастыру үшін жұмыс істейтін болады. Енгізілетін түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтиды.

Штаб отырысында «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы хабарлама жасады. Ол "аудан бойынша 68.443 сайлаушы бар, 67 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 54 іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілді. Іс-шаралардың 37-і офлайн, 17-і онлайн форматта өтетінді" деді. Сондай-ақ, ауқымды реформалар сайлау, партиялық және сот-құқықтық жүйесін, аумақтық-территориялық құрылымы мен мемлекеттік биліктің бөліну принципін түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

Ел үшін, халық үшін осындай маңызды сәтте біздің партиямыз да тыс қалмай өзінің барлық ресурстарын қолдана отырып, үгіт-насихат жұмыстарына қатысатын болады.

Біз, аудандық мәслихат депутаттары, "AMANAT" партиясының фракция мүшелері, күш-жігерімізді біріктіріп, азаматттық қоғам өкілдері ретінде белсенділік танытып, республикалық референдумды лайықты ұйымдастыру және өткізуге жәрдем беріп, атсалысатын боламыз. 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы,  "AMANAT" партиясының  мүшесі