14.09.2016

VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті.

   2016 жылы 14 қыркүйек  күні сағат 10-да аудандық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №17 сайлау округінен сайланған депутат, жеке кәсіпкер Қ.Татыбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

  Мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

     Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың 2015 жылы 22 желтоқсандағы №47/231-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізіліп, бюджеттің кірісі мен шығысы 6,5 млн теңгеге ұлғайтылды.

   2016 жылға арналған бюджет кірістерінің көлемі 11 115 293 мың теңгені құрады, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 032 237 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 15 210 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге болды.  Ал трансферттер 10 044 846 мың теңге көлемінде бекітілсе, оның 2 092 046  мың теңгесі облыстық бюджеттен түсетін түсімдер, 7 952 800 мың теңге республикалық бюджеттің қаражаты болып табылады. Бюджеттің шығыс бөлігі - 11 150 971 мың теңге болып бекітілді, қарыздарды өтеу - 3 774 мың теңге және бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтарының сомасы - 39 452 мың теңгені құрады.

      Екінші мәселе бойынша,  «Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты  ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету жайлы».