09.05.2022

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЛИНГАФОН КАБИНЕТІ

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында мектеп инфрақұрылымын дамытуға және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілген.

Сайлауалды бағдарламаны орындау шеңберінде Төлеби ауданының Жол картасында 2025 жылға дейін жаңа пән кабинеттерімен, атап айтқанда, мультимедиялық лингафон кабинеті, физика, химия, биология, роботты техника кабинеттері мен интерактивті тақталармен қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Жол картасының орындалуы жөніндегі білім беру саласына бекітілген индикаторлардың орындалуын бақылау мақсатында Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына аудандық мәслихат депутаты Феруза Қалтаева арнайы барды.

Ағымдағы жылы пайдалануға берілген №1 мектеп-гимназиясының заманауи үлгіде салынған 300 орындық қосымша жаңа ғимаратында бүгінде балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған.

Білім-ғылым саласына арналған Жол картасының 3,2,12 тармағына сәйкес, қосымша ғимараттың ағылшын тілі кабинеті тиісті жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ағылшын тілі сабағында лингафон кабинеті мүмкіндігін пайдалану:

• лексиканы оқып үйренуге;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• грамматикалық құрылымдарды түсініп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Мектеп басшысы, Тезекова Назира Байжанқызы елімізде білім сапасын көтеруге бағытталған мемлекеттің сындарлы саясатын жүзеге асырушы жетекші күш – «AMANAT» партиясының халыққа берген сайлауалды уәделерін орындау бойынша партия белсенділерінің өңір-өңірде атқарып жатқан жұмыстарына, соның ішінде, оқушылардың жаңа ізденістеріне жол ашу үшін жасалған жағдайларға ризашылығын айтып, ұстаздар атынан алғысын білдірді.

Оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде көрсеткіші жоғары, тәжірибелі ұстаздарға бай №1 мектеп-гимназиясы әрқашан ауданның алдыңғы қатарынан көрінетініне сенімдімін!

2022 жылға арналған индикаторларға сәйкес, ауданның білім беру мекемелерін пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жұмыс салаға жауапты мамандармен бірлсе отырып, алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі