04.04.2022

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры.

Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс. «Amanat» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал ететін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 70%-дан 90%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

Аудан көлемінде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  – 1084,0 шақырымды құрайды. Оның ішінде;

-облыстық маңызы бар жолдар-259,84 шқ, қанағатты–88,7 %;

-аудандық маңызы бар жолдар-144,05 шқ, қанағатты–87,4 %;

-елді мекеннің ішкі көшелері–680,1 шқ, қанағатты–63,2 %.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторын орындау бағдарламасының 2,7,6 және  2,7,7 тармақтарына сәйкес былтырғы жылы республикалық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында   10 елді мекенде орналасқан (Бірінші Мамыр, Абай, Момынай, Сұлтанрабат, Екпінді, Қайнар, Біркөлік, Нысанбек, Қасқасу, Қаратөбе) жалпы ұзындығы 46,25 шақырымды құрайтын 27 ішкі көшені орта жөндеуден өткізуге және 1 аяқжол салуға 595 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Нәтижесінде: 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша қанағаттанарлық жағдайдағы ішкі көшелерінің пайызы 63,2-ден 72 пайызға жетті.

Бұған қоса, 2021 жылы аудандағы 10 елді мекенде (Майбұлақ, Бірінші Мамыр, Тасарық, Жамбыл, Жаңаұйым, Киелітас, Жыланбұзған, Мәдени, Сұлтан Рабат, Нысанбек) 13,4 шақырым аяқжол салуға аудан бюджетінен жалпы 120 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Жаңаұйым елді мекені Көктерек көшесіндегі «Ленгерка» өзені арқылы өтетін көпірді және Алғабас елді мекені Балауса көшесіндегі көпірді күрделі жөндеуге аудан бюджетінен 23,4 млн теңге қаржы қарастырылып, нысандар пайдалануға берілді.

Одан өзге, 4 елді мекендегі (Алшалы - 154,2 млн теңге, Жыланбұзған - 254,4 млн теңге, Карауылтөбе - 205,2 млн теңге, Ақайдар – 221,6 млн теңге) көпірлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 835 млн теңгенің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылды.

Төлеби аудандық Маслихат депутаты,”AMANAT” партиясының мүшесі М.Ермаханбетова.