04.04.2022

Мемлекеттің зияткерлік капиталын қалыптастыратын тұлға – БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ

Заман талабына сәйкес, қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технолргияларын меңгерген мұғалімді дайындау – елдің алдыңғы қатарда дамуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан, «AMANAT» партиясы білім беру саласына баса назар аударып отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасының білім беру сапасын арттыру бойынша бекітілген индикаторлардың бірі – 3,2,2 тармағында көрсетілген «Жаңа талаптарды ескере отырып, мұғалімдерді даярлау» болып табылады.

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, бүгінде, ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру, жаңа заман талабына сай білім арттыру және біліктіліктерін көтеру міндетін орындай отырып, аудан дамуының маңызды шарты болып табылатын – сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етіп келеді.

Атап айтқанда, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының базасында 269 педагог, 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері өз мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстан өтті;

Сонымен қатар, 2022 жылға жоспарланған 624 педагог-тыңдаушы 5 бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстарын жоспарлы аяқтады. Оның ішінде:

✅мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары бойынша – 55 тыңдаушы;

✅орта білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары бойынша – 230 тыңдаушы;

✅PISA-2022 халықаралық зерттеулерін жүргізу курстары бойынша – 22 тыңдаушы;

✅"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы" базасында 317 педагогикалық кадр (оның ішінде көшбасшылық – 67, директор - 52) оқудан өтті.

✅"Білім беру ұйымдары педагогтерінің IT құзыреттілігін арттыру" бағдарламасы бойынша ХҚТУ "Заманауи бағдарламалау технологиялары (Python бағдарламалау тілі, Java технологиясы)" (информатика мұғалімдері үшін) және "цифрлық педагогика" (информатика мұғалімдері үшін) біліктілігін арттыру курстарын 35 мұғалім оқыды.

Аудан педагогтерінің 90%-ы қашықтықтан оқыту арқылы ІТ құзыреттілігін арттыру курстарынан өтті.

Төлеби аудандық Маслихат депутаты,”AMANAT” партиясының мүшесі М.Ермаханбетова.