12.05.2022

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгінгі күннің басты талабы – билік бұқараға жақын болуы керек. Мемлекеттік қызметшілер алдына келген тұрғынның мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Бұған қоса, елді мекендерді аралап, халықтың жай-күйіне көңіл бөліп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, мұң-мұқтажын тыңдауы тиіс. Бүгінгі күні аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров аталған жәйттерді басшылыққа ала отырып, бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кездесу өткізіп, оларды жеке мәселелерімен қабылдауда.

Киелітас ауылдық округіндегі жеке қабылдауға келгендер жайылымдық жер, ескірген электр бағаналары, пошта байланысы жөнінде сөз қозғады.

Округ тұрғыны, «Аналар кеңесінің» төрайымы Айдаркүл Рахишова елді мекендегі пошта байланысы бөлімшесінің ғимаратының тозығы жеткендігін, бүгінде құлауға шақ тұрғанын, қызмет көрсету сапасы сын көтермейтінін айтты. Сондай-ақ, электр жарығының әлсіздігі, ескірген электр бағаналарын ауыстыру қажеттігін сөз етті. Аудан әкімі аталған мәселе бойынша «ҚазПошта» АҚ Түркістан облыстық филиалына хат жолдайтынын, мекеменің мәселені оң шешуіне ықпал ететіндігін айтып, түсіндірді. Электр бағаналары мен трансформаторын ауыстыруға жобалаушы «Exclusive project company» ЖШС –і демеушілік есебінен жобалау іздестіру жұмыстары жасап, топосьемка жасалып, оның жобалық сметалық құжаттары дайындалуда екенін, сараптаманың қорытындысына сәйкес, салалық басқармаларға жолданатынын жеткізді.

Сұлтан Рабат елді мекенінің тұрғыны Сайрахан Тултаева жеке кәсіпкердің ауыл тұрғындары малды өріске айдайтын жолын қоршап, оны жауып тастағанына шағымданды. Сондай-ақ, ауылдың кішкентай тұрғындарына баллар ойын алаңшасы қажеттігін айтты. Бадам өзенінің жағалауы күл-қоқысқа толғанын, тұрғындарды тазалыққа шақыруда бірлесіп еңбек етуді сұранды. Аудан әкімі қазіргі кезде аталған мәселе бойынша жеке кәсіпкермен келіссөз жүргізілгендігін, нәтижесінде қоршауды бұзу үшін қажетті техникамен көмек беру мәселесі шешілгенін айтты.

 Киелітас ауылының тұрғыны кәсіпкер Сүлейменов Толқын аудан аумағындағы шекара жаныңдағы арка бойын қоршауды ұсынды.

Аудан әкімі бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін айтып, сала басшыларына тапсырма берді.

Ақайдар елді мекенінің Мерей көшесінің тұрғыны Әлішер Аманбаев электр жарығы мен трансформатор орнату қажеттігін сөз етті. Бадам өзенін кесіп өтетін көпірге аяқ жол, түнгі жарық орнатуды, балаларға ойын алаңшасын қоюды сұранды. Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстар барысын түсіндіріп өтті.

Ауыл тұрғыны Құрбанәлі Ағадилов ауылға балалар лагері ашу керектігін, демалыс аймағы жыл көлемінде жұмыс істейтін өнер орталығы болса деген ұсынысын жеткізді. Аудан әкімі Окушылар үйінің құрылыс жүргізілетінін, ғимарат құрылысы аяқталған кезде, мекемеден кабинет берілетінін айтты.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі