13.05.2022

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯДА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САЛЫҒЫН АУДАНҒА ТҮСІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Тұрақты комиссияда «Демалыс орындарын ашып, табыс тауып отырған демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіс сөздер жүргізу барысы жайлы» мәселе зерделенді.

Аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы ІІ-ші тоқсанға жоспарланған «Демалыс орындарын ашып, табыс тауып отырған демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіс сөздер жүргізу барысы жайлы» мәселені алдын ала жан-жақты зерделеді.

Мәжілісті тұрақты комиссия төрағасы Мадина Ермаханбетова ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламаны кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев жасады.

Қаралып отырған осы мәселе бойынша сұрақтар қойылып, біршама ұсыныс-пікірлер айтылды.

Депутаттар, демалыс орындарын ашып, табыс тауып отырған демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіс сөздер жүргізу қажеттігіне және салықтық және басқа түсімдерді жоспарлауды салық салынатын базамен сәйкестікке келтіруде түсім көздерінің болжамды көрсеткіштерін нақты жағдайды ескере отырып қамтамасыз ету керектігіне көңіл бөлді.

Комиссия алдағы уақыттарда қайта зерделеу қажеттігі жөнінде хаттама түзіп, мәжіліске үзіліс жариялады.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі