24.05.2022

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҮКІМЕТ

"Amanat" партиясының мүшесі, мәслихат хатшысы ретінде аудан әкімдігі мәжілісіне қатыстым.  Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру көзделген. Аудандағы кез келген адамның игілігіне кажетті, кем дегенде азық-түлік, киім кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету – денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

«AMANAT» партиясының бағдарламасында көрсетілгендей «Аудан аумағындағы көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету шаралары» туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева баяндама жасады. 2021 жылдың  1 мамыр айына 1189 отбасының 6165 адамына 218,6 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 164,0 млн теңгесі төленген. Ал, 2022 жылдың 1 мамыр айына 699 отбасының 3757 адамына 172,2 млн теңге тағайындалып, 108,8 млн теңгесі төленген. Ағымдағы жылдың 4 айында 816 құжат уәкілетті органға өткізіліп, 699 құжатқа АӘК тағайындалып, 117 құжат дәлелді себептермен кері қайтарылған. Төлеби ауданы бойынша жыл басына Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1417 мүгедектігі бар азаматтардан өтініш түскен.  Оның ішінде: көп балалы отбасылар саны -142, аз қамтамасыз етілген отбасылар саны- 113. Оның ішінде:14 мүгедегі бар азаматтарға  17 дана  қоларба берілген. 106 мүгедегі бар азаматтарға 77380 дана міндетті гигиеналық құралдар беріліп, 47 мүгедегі бар азаматтарға 81 дана протез-ортопедиялық құралдар берілген.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 3,4,3 тармақ. «Қамқорлық» жобасы аясында қайырымдылық және демеушілер есебінен 80 отбасы шамасында қала, кент, ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тарту аясында 2022 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған 43 отбасыға әр түрлі көмек түрлері көрсетіліп жатыр.

 Мәжілістің соңында сұрақтар қойылып, тақырып кеңінен талқыланды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы,  "AMANAT" партиясының мүшесі