17.05.2022

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Жиында 9 мәселе қаралып, оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. 2021 жылға арналған аудандық және қала, ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы.

2. Бірінші Мамыр ауылдық округі аумағында ауыл әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі.

3. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VІІ «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №14/80-VІ «2022-2024 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық–әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы.

6. Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік–аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы.

7. Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы №46/253-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/21-VII «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/12-VII «Төлеби ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

Комиссиялардың бірікккен мәжілісінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов бюджеттердің орындалуы, «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер, «2022-2024 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне жасалған өзгерістер туралы баяндама жасады. Мансұрбек Жаналиұлы әр сала бойынша бөлінген қаржыларға талдау жасап, оның себептерін толық түсіндіріп өтті. Аумақтың өркендеуі оған бөлінген қаржыларға байланысты екенін ескерсек, бюджеттің елді мекендердегі шешімін күткен мәселелерге бөлінуіне қатысты аудандық мәслихат депутаттары ұсыныстарын жеткізіп, оған өзгерту енгізу жөнінде пікірлерін айтты.

Комиссия отырысындағы өзге де сұрақтар бойынша аудандық мәслихат депутаттары ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларына ескерту, ұсыныстар айтты. Күн тәртібіндегі 9 мәселе зерттеліп, ұсыныс-пікірлер ескеріліп, ертеңгі өтетін аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезекті он жетінші сессиясына қаралуға жіберілді.

Н.Қойбағаров,  Төлеби аудандық мәслихат хатшысы "AMANAT"  партиясының мүшесі