18.05.2022

КЕМЕҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың Кемеқалған ауылдық округіндегі тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдауына келген Ұйымшыл елді мекенінің тұрғыны Б.Ертаев Шоқалақ көшесінің топырақ жолдарына тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен бағаналарды ауыстырып, Абай-Ұйымшыл жолдарын асфальттау қажеттігін айты. Аудан басшысы Шоқалақ көшесіне тас төсеу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру үшін аудандық бюджетке ұсынылғанын, оны орта жөндеуден өткізу үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ұсыныс берілетінін, ал «Абай-Ұйымшыл» жолын асфальттау үшін құжаттары дайындалып, 2023 жылы қаржыландыруға ұсынылғанын түсіндіріп өтті.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі