18.05.2022

ВИКТОРИЯ КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

«AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында  алдағы бес жылға  арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға арнайтынын мәлімдеді. Бүгінгі күні жергілікті жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортты насихаттау мақсатында көптеген игі шараларды ұйымдастыруда. Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 3,4,12 тармағына сәйкес жастардың спорпен шұғылдануына қолдау көрсетілуде.

Нәтжесінде,  Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінде «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушісі 16 жастағы Виктория Корнейчук Түркия мемлекетінде өткен кикбоксингтен Әлем кубогының жүлдегері атанды. Виктория бұған дейін республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып, ұстаздарының мерейін аспандатқан болатын. Спорттық жарысқа қатысып келген спортшы қызымызды жаттықтырушысы Рақымжан Тасболатовпен бірге күтіп алдық. Үшінші орыннан көрініп, қоладан медаль таққан батыр қыздың алар асуы алда деп білеміз.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі