19.05.2022

ҚАСҚАСУДА 10.2 КМ ЖОЛ, 4 КМ ТРАТУАР, 1.9 КМ ЛАТОК САЛЫНДЫ

Жол – экономиканың күретамыры. Содан болса керек, жол жағдайы – қашанда маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Бүгінгі күннің талабына сәйкес, аудан аумағындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүйелі қолға алынып келеді.

Осы орайда «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының фракция мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Жабаев партияның жол картасында көрсетілген 4,6 тармағына сәйкес, Қасқасу ауылдық округіне қарасты «Қасқасу-Кеңесарық-Майбұлақ» 1650 метр тратуар, 1650 м автокөлік жолын жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Жол жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер мекеме «Достық Спец Транс» ЖШС. Атап айта кетсек «Омар Транс» ЖШС 10.2 км жол, 4 км тратуар, 1.9 км латок жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесіп, жолдың бекітілген стандартқа сай сапалы болуын қадағалауды ескертті.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі