27.05.2022

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ЗООБАҚҚА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Бала ата-ананың бауыр еті. Оларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Әр баланың балалық шағы естен кетпес естеліктерге толы болуы керек. Сондықтан, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып белгіленген. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.

 Балаларды қорғау күніне және Төлеби ауданының 90 жылдығына орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектігі бар 24 баланы ата-анасымен бірге Шымкент қаласындағы зообаққа алып барды. Балалар хайуанаттар бағында серуендеп, ондағы аң-құстарды қызықтап, ойнап, шат-шадыманға бөленді. Бір күндік саяхатпен Шымкентке келген балаларға ерекше демалыс сыйлаған жаны жомарт, демеуші азаматтарға ата-аналары алғыстарын жеткізді.

Н:Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі