02.06.2022

РЕФЕРЕНДУМ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСТАМА

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттары:Қ.Қансейтов, Е.Жабаев, М.Ермаханбетова, Д.Хангелдиева алдағы болатын референдумға байланысты бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда: Алатау ауылы «Балдаурен» оқу сауықтыру лагері мен «Күншуақ» бала-бақшасы, Тасарық ауылындағы «Балалар үйі» мен «Ақбөпе» бала-бақшасы және Қаратөбе ауылындағы Балдыберек жалпы орта мектебінде кездесулер өткізіп қайтты.

Елімізді өркендету үшін референдумның өтуі өте маңызды. Бұл — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастырудың алғышарттарының бірі. Осы жаңашылдықтардың нәтижесінде жаңа Қазақстан қалыптастыруға қадам басамыз және оған бүкіл халық тікелей араласады. Елімізде конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымда өткізіледі.

Кездесу барысында жиналған тұрғындар референдумда дауыс берушілер ретінде оң шешімді күттіретін өзгерістерді қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік алатынын атап, үлкен сенім білдірді. Өйткені референдум — азаматтардың пікірін еркін білдіруіне негізделген жалпыхалықтық, демократиялық бастама.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі