10.12.2016

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ!

      Бүгін Төлеби ауданы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шара Ленгір қаласының Мәдениет үйінде өтті. Салтанатты жиында алғы сөзді алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу департаментінің басшысы Ахметов Еркебұлан Нартайұлы Төлеби ауданы тұрғындарын мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары М.Пернебеков аудан тұрғындарын Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келген ауданымызға Төле бабамыздың есімі берілген 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ауданның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістерін баяндады.
Шара барысында халық арасында мәдениет және руханият, білім, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, энергетика және коммуналдық шаруашылық сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын арттыру, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерін насихаттау және тарату мақсатында ауданның әр сала үздіктері «Үздік ...» номинациясымен марапатталды.
Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты.