03.06.2022

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ДА ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары Б.Өмірәлі, Қ.Қансейтов, Қ.Өмірбеков, Д.Омаров, М.Тұрымбетов, А.Шырынбек Ленгір қаласындағы «Қазақ Соқырлар» қоғамдық бірлестігінде мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді.

Депутаттар алдымен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, саяси жүйені жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды бірге құру жөніндегі халыққа Үндеуіне сәйкес осындай тарихи шешім қабылданғанын, Заңның 33 бабына 50-ден астам түзетулер дайындалғанын, мұның өзі қоғамның сұранысына негізделіп, халықтың талап-тілегінен шығып отырғанын айтып өтті. Саяси реформалардың түпкі мәнін түсіндіре келе, әділетті қоғамды қалыптастыру жолындағы өзгерістердің уақыты келгенін жете ұғынып, оған жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Өз кезегінде халық қалаулыларымен жүздескендер де сөз алып, Мемлекет басшысының еліміздің саяси жүйесін жаңғырту мақсатындағы байыпты бастамаларын және Ата Заңда орын алатын өзгерістерді қолдайтындықтарын білдірді.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі