14.06.2022

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА 4 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірікккен мәжілісі өтті. Мәжілісті мемлекеттік заңдылық азаматтардың еркі мен құқығын қорғау депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Өмірәлі жүргізіп отырды. Отырыста комиссиялардың ІІ тоқсанға жоспарланған мәселелері талқыланды.

Жиынның күн тәртібіндегі мәселелер:

1.Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің заңды және жеке тұлғаларға мемлекет қызметін көрсету тәртібі туралы.

2.Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне өткен жайылым жер мәселесі туралы.

3. «Төлеби аудандық саябақтары» КММ-нің егілген ағаштар мен гүлдерді күтіп ұстау жұмыстары туралы.

4. Демалыс орындарын ашып, табыс тауып отырған демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіссөздер жүргізу барысы жайлы.

Мәжіліске аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес, бөлім басшылары қатысты.

 Комиссиялардың бірікккен мәжілісіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Анарбек Тілеубекұлы баяндама жасады. Аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқару болып табылады. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер 4 қағидамен жүзеге асады.

Төлеби ауданының жалпы жер көлемі 306 380,0 гектарды құрайды. Ал, ауданның 4 982,0 гектар жері аудан аумағынан тыс жерде орналасқан, яғни Қазығұрт және Ордабасы аудандарының аймақтарында.

Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 168. Жеке қабылдауға келгендер негізінен жер учаскескелерін беру тәртіптері, құжаттарды заңдастырып беру туралы және жер телімдерін заңсыз иемдену мәселелерін қозғайды. Қабылдауға келген азаматтардың шағымдары негізінде бөлім қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімінің кездесулерінде жер, жайылымдық жер мәселесіне қатысты сұрақтар, өтініштер, шағымдар көп болуына байланысты аудандық мәслихаттың депутаттары аталған мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мекеме жұмысына қатысты қосымша аудандық мәслихат депутаты Феруза Қалтаева қосымша хабарлама жасады.

Жер қатынастары саласына қатысты депутаттар Ж.Нысанбаев, А.Сахов, М.Ермаханбетова, А.Шырынбек сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне өткен жайылым жер мәселесі туралы парктің Төлеби аудандық филиал директоры Аман Әліайдарұлы баяндады.

Жайылымдық жерлерге қатысты депутат М.Ермаханбетова ауыл тұрғындарының жан-айқайын жеткізді.

Мәжілістің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Төлеби аудандық Саябақтары» КММ директоры Талғат Өткелбайұлы баяндама жасады.

Бөлім басшысының баяндамасына қатысты депутат К.Өмірбеков пен А.Сахов сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Ал, демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіссөздер жүргізу барысы жөнінде Құттымұрат Байдуллаұлы баяндады.

Комиссия отырысындағы көтерілген мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары бөлім басшыларына ескерту, ұсыныстар айтты. Күн тәртібіндегі 4 мәселе зерттеліп, ұсыныс-пікірлер ескеріліп, аталған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі