15.06.2022

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЕҢБЕК ЕТУДЕ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

????Басқосуды аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлның 2022 жылғы 8 наурыздағы №826 Жарлығына сәйскес, кездесу барысында аудан әкімі 2022 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл көлемінде атқарылатын жұмыстар барысын баяндады.

2021 жылдың қорытындысымен Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде жүзеге асқан жобаларды таныстыра кетсек:

Мәдени елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысына 80,9 млн теңге қаржы қарастырылып, Бәйшешек, С.Тлеуов көшелерінің 1,250 шақырымы жөнделіп, 1,95 шақырымына аяқжол салынды.

2022 жылы ауылдық округте ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп, Мәдени жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтеді.

Құрамында екі елді мекені бар ауылдық округте атқарылған іс аз емес. Елді мекендердің инфрақұрылым жүйелері жөнделіп, электр бағаналары жаңартылып, аяқ жолдар салынған. Табиғи газы пайдалануға беріліп, жолдарға асфальт төселген. Ауылдарда жаңа үлгіде салынған 2 орта мектеп, 2 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 пошта байланысы халыққа қызмет етеді.

Сұрақ-жауап форматындағы кездесу барысында округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ауылдық округ ақсақалдары жергілікті атқарушы биліктің жұмысына оң баға беріп, ел иігілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, ақ баталарымен алғыстарын жеткізді.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі