19.06.2022

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Адамның ең құнды байлығы - оның денсаулығы болса, сіздер емдеріңізбен, жылы сөз, ізгі тілектеріңізбен науқас жанын жадырата білесіздер.

Адам өмірін ұзартуға септіктеріңізді тигізіп келесіздер. Білімділік, кәсіби адалдық пен адами қасиеттеріңіз көптеген жанның өміріне сәуле шашып, тіпті арашашы болып келеді.

Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз барлық кезде маңызды және баға жетпес екені кешегі пандемия кезінде анық байқалды.

Құрметті, медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абырой биігінен көріне беріңіздер.

Құрметпен аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров