21.06.2022

ТӨЛЕБИДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

ТӨЛЕБИДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

✅Бүгін аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік бас қосуға аудан әкімі Төлеген Телғараев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып, денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екені баршаға белгілі. Бұл мамандық иесі – халықпен біте қайнасып қызмет жасайтын, қастерлі еңбек иесі.

✅«Бірінші байлық – денсаулық» дегендей сырқаттана қалсақ, тәнімізді емдеп, жанымызға шипа сыйлайтын дәрігерлер – қандай да құрметке лайықты жандар. Олардың уақытпен санаспай, тынымсыз кешетін тірлігін жанкештілік деп бағалауға болады, әрі аялы алақаны, жүрек мейірімі мен ілтипаты өмірдің өзегі болып қала берері даусыз.

✅Салтанатты шара барысында медицина саласының үздік қызметкерлерін ауданның 90-жылдығы төсбелгісімен, аудандық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен, мәслихаттың Грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.

Медицина қызметкерлерінің күні мерекелік концертке ұласты.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі