20.06.2022

ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУ - ӘРБІР ЕР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы номер 827 Жарлығына сәйкес, бүгінгі күні Төлеби ауданында мерзімді әскери қызметке шақыру жүріп жатыр.

Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының кезекті мәжілісінде Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Н.Аманжолов мәлімдеді.

"Көктем 2022" атауымен аудан аумағындағы әскери қызметке жарамды жастардың Отан алдындағы борышын өтеуі үшін шақыру комиссиясы құрылды. Комиссияға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы төрағалық етіп, әскери есеп стол мамандарының көмегімен жастарды әскерге шақыру жүзеге асуда.

Шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылып, оны үйлестіру жұмысы қарқынды орындалуда.

Әскерге шақырылатындарға СМС - хабарлама және үй мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданады.

Бұған қоса, жастардың жеке істері зерделеніп, олардың ата-аналарымен әңгімелесу жүргізіледі. Зерделеу барысында әскерге келетіндердің алған мамандықтары міндетті түрде ескеріліп, сонымен қоса олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, арнайы дайындығы мен отбасы жағдайы жөніндегі мәлімет нақтыланады.

ҚР Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құрылымдардың қатарын жас сарбаздар мен толықтыру мақсатындағы жұмыстар нәтижесінде 105 азамат әскерге алынды. Отан алдындағы борышын өтеуге аудан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытуда. Аудан көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекені болғандықтан, әскерге өзбек ұлтынан 19 азамат, түрік ұлтынан 2, күрдтер арасынан 7 азамат, шешен, әзербайжан, татар ұлт өкілдерінен жастар шақырылды.

Бүгінгі күні аталған жұмыс жалғасын тауып келеді.

“Отан үшін отқа түс – күй­мейсің” деді атақты қолбасшы Бау­ыр­жан Момышұлы жастарға арнаған сөзінде. Отанды қорғау, ең алдымен, ер азаматтардың міндеті. Ата Заңда «Қазақстан Республи­касын қорғау – оның әрбір аза­матының қасиетті парызы мен мін­деті» – деп көрсе­тілген. Сондықтан, бойында патриоттық сезімі бар әрбір жас Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі болғандықтан, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған жерді көздің қарашығындай қорғау әр азаматтың міндеті және азаматтық борышы болып табылады.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі