28.06.2022

СУДЫ ҮНЕМДЕУ ҚАЖЕТТІГІ ТУЫНДАУДА

Ауыз су - Төлеби ауданындағы күрделі мәселелердің бірі. Жаздың аптап ыстықтарында аудан халқына сапалы ауыз су жеткізуде көптеген кедергілер кездесуде.

Бүгін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ең маңызды әлеуметтік мәселені шешу бағытында сала басшыларымен бірге қала аумағындағы су резервуарларының жұмысын тексерді. Су құбырларында ақауы болуы мүмкін деген учаскерелерге барып, оның себебін зерделеуді «Ленгір су» коммуналдық мекеме басшысына тапсырды.

Мекеме қызметкерлері ауыз су жеткізетін бастауды тексеріп, орын алған кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізуде. Аудан аумағында ауыз су тапшылығы бар. Оны шешу мақсатында барлық қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланылуда.

AMANAT партиясының сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 2,2,3 тармағына сәйкес тұрғындарды таза сумен жабдықтау қызметіне қол жетімділігі 100 пайызға жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. 

Жаз мезгілінде суды тұтыну көлемі 4-5 есеге ұлғаюына байланысты қазіргі кезде 16000 м3/сағатына судың өзі жеткіліксіз болуда. Қала аумағын сумен қамтамасыз ететін үш аумақтағы резеруарларды тексеріп, онда судың жиналғанына көз жеткізді.

Тұрғындар тарапынан жаппай бау-бақшаларды суғару мен тұрмыстық жағдайлар бойынша су көлемін көптеп тұтынып жатқандықтан «Көктерек су имаратынан келген су №3,4 резеруарды тиісті деңгейде толтырып үлгере алмай жатыр.

Дегенмен, су тапшылығының алдын алу үшін оны үнемдеу керектігі туындап отыр. Себебі, тұщы су тапшылығы - ХХІ ғасырдың он жаһандық қатерінің бірі ретінде тіркелді. Ауыз су - кез-келген тірі жан үшін ең қымбат және қалпына келтіре алмайтын табиғи қор болып саналады. Сондықтан, судың сұрауы бар екенін ескеріп, оны үнемдеу қажет.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі