06.07.2022

ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ 1/16 ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРЫ БОЛЫП ӨТТІ.

AMANAT партиясының сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 5,5 тармағына сәйкес,  Төлеби ауданына  90-жыл толуына орай аудандық әкімдік пен аудандық маслихаттың қолдауымен ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды ойынның алғашқы іріктеу кезеңінен жолдама алған 21 команда арасында 1/16 финалдық ойыны болып өтті.

Төлеби бабамыздың тарихи болмысын, өмірі мен ілімін ауданға өз деңгейінде танытып, өсиетті сөздерін насихаттау мақсатында өткен сайыстың екінші кезеңінде 21 команда арасында өзара бір-бірімен бақталасты. Сайыс 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезең аудан тарихы, жер-су атауларынан сұрақтар қойылса, екінші кезең Төлеби бабаның өмірлік жолы, өсиетті сөздеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сайысқа түскен жалпы 29 команданың 16 командасы жолдама алса, бүгінгі ойында: Алатау, Имамдар, Жалын, Ұйымшыл, Көксәйек, Ақкөгершін, Мәслихат, Сайыпқыран, Оңтүстік, Төлеби, Қайнар командалары жеңіске жетіп, келесі 1/8 кезеңге жолдама алса, қалған командалар сайыспен қоштасты.

 

 Алдағы уақытта сайыс өз жалғасын тауып, жеңімпаздар ¼, ½ финалға шығып, қорытындысымен толық жеңіске жеткендер ауданның 90 жылдығына арналған қорытынды мерекелік концертте ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі