08.07.2022

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!

Қадірменді әлеуметтік желі қолданушылары!

​Сіздерді, барша мұсылман халқының жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі - Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын.

Құрбан айт - иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Бұл күні Төлеби ауданы бойынша таңғы 6-45 те Құрбан айт намазы оқылып, орталық «Нұр» мешітінде «Дін мен Дәстүр» тақырыбында мерекелік іс-шара өтеді. Іс-шарада жастар арасында асық ату, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сынды спорттық ойындар түрлерінен жарыстар өткізіледі.

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойы құрметіне, ауданымызда бір уақытта, бір жерде 9 қарамал мен 9 ұсақ малды құрбандыққа шалынады.

Құрбан айтта жасаған барша ізгі амалдарыңызға сауаптан жазылсын. Қайырымдылық пен жанашырлыққа үндеп, адам бойына мейірімділік пен сүйіспеншілік ұялататын мерекеде көмекке мұқтаж азаматтарға қамқорлық жасайық. Бауырмалдығымызды көрсетіп, жақсылыққа жаны құмар жандар ретінде қоғамның өзгеруін өзімізден бастап, ізгі істердің ұйытқысы болуға шақырамын.

Құрбан айт мерекесінде тілеген тілектеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін!

Ізгі ниетпен аудандық мәслихат хатшысы   Н.Қойбағаров