08.07.2022

ҮШІНШІ ТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІ -ҚАРАТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

Төлеби ауданында жыл көлемінде атқарылатын жұмыстар мен қолға алынатын жобалар көлемі ауқымды. Бұл жөнінде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев бекітілген кестеге сай, үшінші тоқсанның алғашқы кездесуі - Қаратөбе ауылдық округі халқымен кездесуде баяндады.

 

 Аудан әкімі Төлеген Телғараев жыл басынан бері аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштерін, ұсыныс -пікірлерін ескере отырып, жұмыс жоспарын түзген болатын. Әр округтегі шешімін күткен мәселелер тізбегі негізінде дайындалған іс-шара жоспарының атқарылу барысымен таныстыруға арналған кездесуге округ халқы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы бірінші кездесуде тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысымен таныстырды.

Қаратөбе ауылдық округіндегі ауқымды шаралар тұрғындардың көз алдында атқарылып жатыр. Бұл бағытта, бюджеттен қаржылар бөлініп, абаттандыру, жарықтандыру, жол жөндеу жұмыстары кезеңімен жүзеге асуда.

 

Сұрақ-жауап форматындағы кездесуде тұрғындар Бақырауық бұлағынан су тарту, ауылдағы почта ғимаратының жағдайы, электр жарығы, жастарды жұмыспен қамту, ойын алаңшасын орнату және тағы басқа мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында қойылған, халық көкейінде жүрген сұрақтарға Лесбек Әуезханұлы жауап берді.

Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселесімен  Лесбек Әуезханұлымен бірге қабылдап,  әр азаматтың өтінішін тыңдап, сұрақтарына жауап бердім. 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі