14.07.2022

Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, 1 мөлтек ауданының тұрғындарына жағымды жаңалық!

Аудан басшыларының қолдауымен Төлеби ауданының 90 жылдығына орай және балалар жылына байланысты Ленгер қаласы, 1 мөлтек ауданына 9 жерге тұрғын үйлердің ауласына кішентай бүлдіршіндерімізге заманауи ойын алаңшасы, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануымызға спорт қондырғылары орнатылатын болады. Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына тұрғындар үшін 5 автотұрақ, көп қабатты үйлердің алдына жаяу жүргіншілерге аяқ жол, ішкі көшелерге асфальт, тұрғындарымыздың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары, түнгі жарық шамдары мен суағар орнатылатын болады. Жоғарыда көрсетілген құрылыстар шілде айында басталып, қазан айының басында аяқтау жоспарлануда.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының мүшесі