20.07.2022

ДЕПУТАТТАР САЯБАҚ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

✅Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары Ленгір қаласындағы Төлеби және Қапал батыр көшелері қиылысындағы 7,27 га аумақта орналасқан шатқалды абаттандыру жұмысы барысымен танысты. Б.Өмірәлінің төрағалығымен қала аумағында бос жатқан жерді саябаққа айналдыру жөніндегі 17.03.2017 жылғы түзілген хаттаманы негізге ала отырып, жүргізілген зерделеу жұмыстарын назарға алды.

✅Бүгінгі күні шатқал аумағын абаттандыру мақсатында «Этно ауыл» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, саябақ аумағынан 2 киіз үй, сахна, алтыбақан, тапшан, орындықтар, қарау алаңы, балалар ойын алаңшасы, көне мүсіндер, садақ ату алаңы салынады. Мердігер мекеме «Décor Service Group» ЖШС.

✅Айта кетерлігі, шатқал аумағынан саябақ, демалыс орнының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылы комиссия құрылып, құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленген. 2019 жылы облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсынылып, саябақтың құрылысына қаржы бөлінген. Ашық конкурс негізінде мердігер мекеме «ПМК-7К» ЖШС жеңімпаз болып танылып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт түзілген. Дегенмен, аталған мекеме келісім-шартта көрсетілген жұмыстарды дер кезінде атқармауының, ісіне жауапсыздыкпен қарауының себебінен аталған құрылыс нысанының қажетті бюджет қаражаты қысқартылған. Тапсырыш беруші тарапынан аталған мекемені жауапкершілікке шақыру жөнінде сотқа ұсыныс беріп, нәтижесінде мердігер мекемеге айыппұлдар салынған.

✅Бүгінгі күні қараусыз қалған шатқал аумағын абаттандыру ісі қайта қолға алынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

©️Төлеби ауданының мәслихат аппаратының баспасөз қызметі