07.09.2022

Тұрақты комиссияда «Тасарық ауылдық округі аумағында ауыл әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы жайлы» мәселені қайта зерделеді.

????Аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы ІІІ-ші тоқсанға жоспарланған «Тасарық ауылдық округі аумағында ауыл әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы жайлы» мәселені алдын ала жан-жақты зерделеді.

????Тұрақты комиссия мүшелері Тасарық ауылдық округіне барып, ауыл әкімінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Қаралып отырған осы мәселе бойынша сұрақтар қойылып, біршама ұсыныс-пікірлер айтылды.

????Депутаттар, абаттандыру мен санитариялық тазалық бойынша ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қол жетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде деректерді кезеңдігімен тоқсан сайын орналастыру, ауылдық округінің санитарлық ахуалын барынша жақсартуға, жасыл желектерді күтіп ұстауға ауыл тұрғындарын кеңінен тарту, оларға өз аулалары мен үй айналасын абаттандырып, таза ұстауға ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне көңіл бөлді.

Бұл мәселе, зерделеу қорытындысымен алдағы болатын тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісінде қаралатын болады.

©️Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі