23.09.2022

КЕЗЕКТІ XX СЕССИЯ

????Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Оны аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Мадина Ермаханбетова ашып, жүргізіп отырды. Мәслихаттардың жұмысын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында сессия тікелей эфирде (Aitube) көрсетілді.

????Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Олар:

1. Өзіне жүктелген функциялармен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімінің есебі;

2. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VІІ «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №14/80-VІ «2022-2024 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы «Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/207-V «Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» №13/74-МШ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы;.

????Жиын күн тәртібіндегі барлық мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады. Сессия жұмысына төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Мадина Ермаханбетова күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша шешім қабылданғанын, ауданның дамуы, өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы – аумақтың, мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екенін, ол бойынша кешенді жоспарлар, бағдарламалар түзілгенін, жергілікті атқарушы билік пен өкілетті билік бірлесе еңбек ету қажеттігін айтты.

©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі