28.09.2022

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ – ЛЕНГІРДЕ

Бүгін аудан әкімі Т.Телғараевтың кезекті кездесуі жоспарға сай Ленгір қаласында өтті. Өткен кездесулерде тұрғындар көтерілгендер мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ: «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ қосалқы станциясын салу үшін алғашқы жұмыстарын бастауға, 50,0 млн теңге қаралған, қазіргі таңда мердігер анықталуда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Жаз айларында ауыз судың сапасын жақсарту үшін «Көктерек» су тазалау имаратының құрылысы және қаптаждау жұмыстары басталған.

Ленгір қаласы бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша айтсақ: Шахта Тоғыс елді мекеніндегі Ащы көшесіне 1,1 шақырым жолы асфальтанған, қала бойынша 28 қоқыс жәшігі орнатылған, Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік коммуникация жүйелерін жүргізу үшін (табиғи газ, ауыз су) жоба-сметалық құжаттамаларын аяқтауға 12,9 мнл теңге бөлініп, С.Сәулембаев, Е.Сәуірбайұлы, Қ.Ешенқұлұлы, Жамбыл, Қ.Тыныбеков көшелеріне түнгі жарықтандыру орнатылатының, қалалық емхананың алдына қоғамдық көлік бұрылатын орынға асфальт төселіп, аялдама қойылатының тұрғындардың назарына жеткізді.

Кездесуде аудан басшысы көтерілген барлық мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы өз бақылауында болатынын айтты.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі