07.10.2022

КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА БІРІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

✅Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров төрағалық етіп, мәжіліске аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

✅Сессияның күн тәртібінде аудандық сайлау комиссияның төрағасы О.Сүттібаев хабарлама жасап "Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайлы ұсыныс енгізді.

Сессия бұл жөнінде шешім қабылдап, тиісті аталған адамдар тізім бойынша сайлау комиссия мүшелері болып сайланды.

© Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі