07.10.2022

ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ!

⚜️Бүгін аудандық мәдениет үйінде мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз жолы - ұлы жол!» атты мерекелік жиын өтті. Жиынға құрметті қонағы болып аудан әкімінің орынбасары С.Дуйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагер ұстаздар, білім саласының мамандары қатысты.

⚜️Ұстаздар — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы — ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

⚜️Білім саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктермен нәтижелерге қол жеткізген ұстаздарды Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен, «Алғыс хат», аудандық мәслихаттың Грамотасымен аудан әкімінің орынбасары С.Дуйсебаев және аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров марапаттады.

©️Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі