08.10.2022

СЕНБІЛІК- ОРТАҚ ИГІ ІС!

????Бүгінге Республика бойынша «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» экологиялық акциясы өтуде. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен шатқал аумағында өткен тазалық акциясына аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, ауылдық округ әкімшіліктерi, жергілікті тұрғындар қатысты.

????«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екендігін ескере келе бұл сенбілікке аудандық мәслихат депутаттары мен аппараттың қызметкерлері де қатысып, белсенділік танытты. Шатқалы маңдарын тікен, шөптерден, күлқоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыстар қала сыртына шығарылды.