09.02.2017

Жолдауды насихаттау


Бүгін Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты жолдауы мен үндеуін насихаттау мақсатында Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Раджу Сайлауұлы аудан аудан ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында Раджу Сайлауұлы жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, ең маңызды тұстарын атап өтті. Баяндама соңында аудан ардагерлері, ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидияларды қайта қарауды ұсынып, ауылдық округтердің техникалық базасын нығайтуға көмек беруді сұрады. Раджу Сайлауұлы, ауыл шаруашылық саласын субсидиялау жолдары жеңілдетілетіндігі және тек іріленген жағдайда ғана, ауылдық округтің техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік бар екендігін түсіндірді. 
Аудан ардагерлері,
Раджу Сайлауұлының мәнді де мағыналы баяндамасына алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.