30.03.2017

Төлеби аудандық мәслихат аппараты қызметінің І-тоқсанға Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Ленгер қаласы                                                             30.03.2017 жыл

 

                         

Ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:  Төлеби аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады: 

  1. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Ішкі талдау бөлімі

 1. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын 1 нормативтік және 2 құқықтық актілер бар:

- Төлеби аудандық мәслихатының 04.03.16 жылғы №50/249-V «Б» корпусындағы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі;

- Төлеби аудандық мәслихатының 11.05.2016ж. № 3/15-VІ «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесiн бекiту туралы»  шешiмi;

- Төлеби аудандық мәслихатының 18.07.2016ж. №6/29-VІ «Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімі.

  1 нормативтік құқықтық акті заңға сәйкестендіріліп Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы  кезекті сессиясында №13/75-VI шешімімен жойылып, қайта қабылданды. Ал, қалған 2 құқықтық акті заң талаптарына сәйкес екендігі анықталды.

Себебі, 2017 жылдың І-тоқсанында нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу барысында «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы               № 13 бұйрығының күші жойылып, жаңадан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы               № 110 бұйрығы қабылданды. Осыған орай аталған шешімнің  күші жойылып қайта бекітілді.

2. Төлеби аудандық мәслихат аппаратына мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.

3. Төлеби аудандық мәслихаты І-тоқсанда 18 шешім қабылдаған. Қабылданған шешімдерде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін  нормалар анықталмады.

4. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.

5. Төлеби аудандық мәслихат аппаратына жеке тұлғалардан  2 өтініш түскен.   Барлық өтініш иелеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімінде жазбаша түсініктеме берілген. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының арыз-шағым жәшігіне ешқандай өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.

6. Төлеби аудандық мәслихат аппаратына аудан прокурорынан Қоғамдық кеңестің құрамына өзгеріс енгізу туралы наразылығы түсті. Қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралып, тиісті шешім қабылданды.

7.  Төлеби аудандық мәслихат аппаратына сот актілері түспеген.

    

Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі.

8. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының штаттық құрылымы 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, мәслихат аппаратының басшысы 1 бірлік, тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы 1 бірлік, тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы 3 бірлік. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадрлардың ауысуы болған жоқ.                 

9. Төлеби аудандық мәслихат аппаратында есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.       

10. Төлеби аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызмет (гос услуги) көрсетпейді.      

11. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының рұқсат беру функциясы жоқ. 

12.  Төлеби аудандық мәслихат аппаратының бақылау функциясы жоқ. 

13. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.            

14. Аудандық мәслихат хатшысы І-тоқсанда 15 өкім шығарған. Барлық өкімдерді талдау барысында       сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.    

15. Төлеби аудандық мәслихатында Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.                                                                          

                  

 

 

          КЕЛІСІЛДІ                                                          

 «____»___________ 2017ж.   

Төлеби аудандық мәслихат

аппаратының басшысы,

Сыбайлас  жемқорлық

тәуекелдеріне  ішкі

талдау жүргізу жөніндегі

жұмыс тобы төрағасы

________________А.Абдрахманов 

                 (қолы)

 

 

«Төлеби аудандық мәслихат аппаратының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері

 

1.

 

 

 

Пернебаев Нұрлан Есіркепұлы

-

 

 

 

 

аудандық мәслихат аппараты, тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобы хатшысы

__________________ «___» ___ 2017ж.

   (қолы)

 

Комиссия мүшелері:

 

    2.

Кемелов Бақытжан Сейтмұратұлы

                                                                                                                                                             қолы

 

-

аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы;

 

__________________ «___» ___ 2017ж.

   (қолы)

 

    3.

Байменова Перизат Әндірқызы

-

аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің бас маман-заңгері;

              

___________________ «___» ___ 2017ж.

    (қолы)

 

 

 

4.

Лауламбекова Гүлжан           Тұрсынқызы

 

аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялармен жұмыс жасау бөлімінің бас маман-есепшісі;

___________________ «___» ___ 2017ж.

    (қолы)