26.05.2017

26 мамыр күні ҮІ-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мәжілісіне тұрақты комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасары М.Пернебеков, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Әбдиев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, Жұмыспен қамту орталығының басшысының м.у.а. Д.Шарипов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаев, ювеналды полиция қызметкері Е.Байымбетов қатысты. Мәжілісті комиссия төрағасы С.Құлманов ашып, жүргізіп отырды.

       

 

     

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде «Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өзіне жүктелген міндеттерін орындау барысында атқарып жатқан жұмыстарының есебі»  тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ м.у.а. Е.Байсариев мекемеге жүктелген міндеттерді орындау барысында атқарып жатқан жұмыстарының есебін берді.

Комиссия мүшесі, №1 сайлау округінен сайланған депутат Р.Сайлауұлы зерделеу барысында анықталған мәселелер бойынша хабарлама жасады.

           

Мәжіліс барысында жастардың болашағына алаңдайтын мәселелер бойынша пікір алмасулар мен сұрақ-жауаптар қойылды.

 

Комиссия отырысы қорытындысымен «Ғарыш» кинотеатрының ғимаратын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не беру мәселесін шешу туралы, мекемеге перспективалық бағдарламалар әзірлеу, психолог маманының өз білімін және тәжірибесін арттыру мақсатында жұмыс жүргізуін мақсат тұтуға бұру бойынша жұмыс жүргізу мәселелері ұсынылды. Сондай-ақ,  жыл қорытындысымен қайта есеп беру туралы қаулы қабылданды.