24.05.2017

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі мәжілісі

    24.05.2017 жылы Көксәйек елді мекенінде аудандық мәслихаттың экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым және қоғамдық өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі мәжілісі өтті.

    Көшпелі мәжілістің күн тәртібінде "Балдыберек су көзінің әлеуетін пайдалану және Көксәйек ауыл округі аумағында тұрғындарды таза сумен қамтамасыз етудің барысы туралы" мәселе қаралды.