22.08.2017

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 45-тармағына сай  Бүгін аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданындағы өкілеттігі аяқталған алты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Бекітілген тәртіпке сәйкес, таңғы 10.00-де сайлау учаскесінің ашылуы  және аудандық Мәслихат депутаттарымен мәслихат хатшысы Н.Қойбағаровтың, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Сүттібаевтың басшылығымен Аққұм, Көксәйек, Қаратөбе, Қасқасу, Киелітас, Тасарық әкімдерін сайлау комиссиясының мүшелері кездесті. Еліміздің ән ұранын орындағаннан кейін депутаттарға дауыс берудің  тәртібі  туралы түсіндірілді. 
Айта кетейік, әрбір ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына  3 кандидат өз кандидатурасын ұсынған болатын,  Аққұм ауылдық округі әкімі лауазымына – Байжанов Абдиманап Орынбасарович, Рахимов Берик Изаделаевич, Оспанов Нурлан Уксукбаевич; Көксәйек ауылдық округі әкімі лауазымына – Кабылбеков Айтжан Сарыбайулы, Оразбеков Талгат Бегалыевич, Сапаров Ерлан Сайлауулы; Киелітас ауылдық округі әкімі лауазымына – Ашрапов Мансурбек Жаналиевич, Толешов Бейбит Медетбекович, Туребеков Полат Аширбекулы; Қаратөбе ауылдық округі әкімі лауазымына – Баедилов Канат Серикжанулы, Есімбаев Марат Аскербайұлы, Сахов Заманбек Сайлыбайулы;  Қасқасу ауылдық округі әкімі лауазымына – Бекбауов Ердаулет Айазбайулы, Камытбеков Талгат Капашулы, Таширов Ерболат Абжаппарулы; Тасарық ауылдық округі әкімі лауазымына – Алтынбеков Бактыбек Сеитханович, Аширбаев Ердос Нурланович, Зыябеков Медеухан Азиханулы. 
Оның ішінде Оспанов Нурлан Уксукбаевич, Оразбеков Талгат Бегалыевич, Ашрапов Мансурбек Жаналиевич, Баедилов Канат Серикжанулы, Таширов Ерболат Абжаппарулы, Зыябеков Медеухан Азиханулы отбасы жағдайы бойынша өз кандидатурасын алып тастады. Соның негізінде бюллетеньдерге әрбір ауылдық округтен 2 кандидат енгізілді.
Дауыс беру бюллетеньдерін алғаннан кейін, әрбір халық қалаулысы дауыс беру кабинасына өтіп өз таңдауын жасап, нәтижесінде Аққұм, Көксәйек ауылдық округтері бойынша сайлауға қатысқан 13 таңдаушының 12-і Рахимов Берик Изаделаевичке,  Кабылбеков Айтжан Сарыбайулына, Киелітас, Қаратөбе ауылдық округтері бойынша сайлауға қатысқан 13 таңдаушының 13-і  Туребеков Полат Аширбекулына, Сахов Заманбек Сайлыбайулына, Қасқасу, Тасарық ауылдық округтері бойынша сайлауға қатысқан 13 таңдаушының 11-і Камытбеков Талгат Капашулына, Алтынбеков Бактыбек Сеитхановичке дауысын беріп, тиісінше кандидаттар ауылдық округ әкімі болып сайланды.Сайлауға округ әкімдеріне сенім білдірген кандидаттардың  адамдары  және БАҚ өкілдері қатысты.