08.11.2017

Төлеби аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті

                                                                                                                                                             

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он тоғызыншы сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і қатысып, 2-депутат (Е.Майлыбаев, Д.Айтбаев) белгілі себептермен сессия жұмысына қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі, оның орынбасарлары, мәселеге қатысты аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он тоғызыншы сессиясын №5 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрайымы  М.Ермаханбетова ашып, жүргізіп отырды.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

1. Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/50-VІ «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

3.  Азаматтарға «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

4. Төлеби ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттау туралы.

 

 

Күн тәртібі мен сессия регламенті белгіленгеннен кейін санақ, редакциялық комиссиялары және хатшылық сайланды.

 

 

Дауысқа салынып, шешімнің жобалары қабылданды.