Сейтжапбаров Жәнібек Әлібекұлы

Сейтжапбаров Жәнібек Әлібекұлы 1962 жылы 15 наурызда ОҚО, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде дүниеге келген. 1986-1978 ж аралығында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте, 1978-1983 ж аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып білім алған. Еңбек жолын 1983-1986 жылдары Шымкент облысының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің инспекторы. 1986 жылы “Облсельхозтехника” Шымкент материалдық-техникалық қамтамассыз ету базасының заңгері. 1986-1990 жылдары Орал облысының Приурал, Қаратөбе аудандық прокуратурасының тергеушісі, прокурордың көмекшісі. 1990-1993 жылдары Орал облысының Қаратөбе аудандық сотының судьясы. 1993-1996 жылдары Байқоныр әскери гарнизонының әскери сотының төрағасының орынбасары. 1996-2002 жылдары Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы. 2002-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. 2018 жылы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. 2018 жылдық қазан айынан бастап Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметін атқаруда. ОҚО сотының төрағасының Құрмет грамотасы, ОҚО мәслихатының грамотасы, ҚР Судьялар Одағының төрағасының алғыс хаты, ОҚО-нын әкімінің грамотасы, ҚР Судьялар Одағының құрмет грамотасы, “Қазақстан Конститутциясына 25 жыл” медалі, “Үш би” Құрмет грамотасымен марапатталған.