Рысбаев Алдаберген Салықұлы

        Рысбаев Алдаберген Салықұлы 1971 жылы 15 ақпанда Түркістан облысы Төлеби ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1988 жылы аяқтағаннан кейін спортшы болуды таңдап, Шымкент дене тәрбиесі техникумына түседі. Оқып жүргенде әскер қатарына шықырылып, кейін қайтып келген соң оқуын Дене тәрбиесі институтына айналған оқу орнында жалғастырады.  Мамандығы бойынша біраз жыл жұмыс жасағаннан кейін, тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеруге ат салысу үшін бизнес саласына бет бұрады. Алдымен ресейлік жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, тәжіирбие жинақтайды. Кейін өзінің жеке кәсіпорнын ашады. 1996-2000 жылдары “Рысбай А.С” жеке кәсіпорнын басқарған іскер азамат бүгінгі таңда  “Рыс-Таң” фирмасының бас директоры. Облыс және ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше мерекелік медалдармен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.