Әзімбаев Асқар Кебешұлы

       Әзімбаев Асқар Кебешұлы 1958 жылы 7 наурызда ОҚО, Төлбеи ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1975 жылы ОҚО, Төлбеи ауданы, Қасқасу ауылындағы бұрынғы “Куйбышев” қазіргі Б.Түлкиев атындағы орта мектепті бітіріп, 1977 жылы Алматы қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Политехникалық институтының архитектура факультетіне түсіп, 1982 жылы Алматы Архитектура-Құрылыс институтының архитектура факультетін бітіріп, архитектор мамындығын алған. 1982 жылы еңбек жолында “Южгорсельпроект” Мемлекеттік жобалау институында арихтектор мамандығынан бастаған.1987-1989 жылдар аралығында Шымкент қалалық құрылыс және архитектура бөлімінде жетекші архитектор. 1989-1998 жылдары “Асеке” жобалау шығармашылық тобында басшы қызметін атқарған.1997-1998 жылдары облыстық жер комитеті жынындағы “Жер телімін конкурс және аукцион арқылы өткізу отарылығында” бас маман қызметі. 1998 жылы облыстық жер комитеті жанындағы Шымкент жер кадастр бюросында директор қызметі. 2000 жылы қала әкімшілік шешімімен “Жер кадастр” мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның мекемесіне директор қызметі. 2002 жылы “Бас Архитектура Жобалау Басқармасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің басшысының орынбасары. 2003 жылы ОҚО әкімшілік “Архитектура және дизайн” мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорынның басшысы. 2004 жылдан бүгінгі таңға дейін “Архитектура дизайн-Ш” ЖШС-нің директоры болып жұмыс атқаруда. 2007-2010 жылдары Үздік сәулеттік жобалар мемлекеттік байқауының “Кіші алтын медаль” белгісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы ОҚО бойынша “Үздік сәулетшісі” номинациясының дипломы, ОҚО “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі “Мәдениет саласы үздігі” төсбелгісі, Б.Момышұлының “Батыр шапағаты” медалі, “Қазақстан Республикасының тәуекелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен, ҚР-ның “Құрмет” ордені, ОҚО әкімі, Шымкент қаласы әкімі, облыстық және қалалық мәслихаттардың грамоталарымен марпатталған.