Ашетов Батырхан

     Ашетов Батырхан 1951 жылы 23 қазанда ОҚО Төлеби ауданы, Қызыл үй ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы Облыстық статистика басқармасында экономист болып бастаған, 1974-1982 жылдары Ленгір ауданында информациялық-есептеу станциясында (РИВС) бастықтың орынбасары, бас инженер болып қызмет атқарған.1984-1988 жылдары  “Победа” колхозының бас экономист. 1984-1988жылдары “Абай” атындағы колхоздапартия ұйымының хатшысы. 1990-1991 жылдары аудандық территориялық-салааралық бірлестігінің басшысы. 1991 жылы аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары. 1992-1993 жылдары аудан әкімі аппаратының бөлім бастығы. 1994-1996 жылдары облыстық экономика басқармасы бастығынынң орынбасары, Басқарма бастығы. 1996-1997 жылдары ОҚО әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімі бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары “Көздіата” шаруа қожалығының төрағасы.1999-2002 жылдары Төлеби ауданы әкімінің орынбасары. 2002-2005 жылдары ОҚО “Оңтүстік жолдары” мекемесі басшысының орынбасары. 2005-2008 жылдары “Көздіата” шаруа кожалығының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты. 2008-2012 жылдары Қазығұрт ауыл округі әкімі. 2012-2014 жылдары Киелітас ауыл округі әкімінің орынбасары. 2014 жылдан бері зейнеткер.1995 жылы АҚШ, Техас университеті “Нарықтық экономика кезінде ауыл шаруашылығын басқару” тақырыбындағы Халықаралық программасының толық курсын тәмәмдаған. 2011 жылы ОҚО әкімінің № 212 шешімімен “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалі.  2011жылы ОҚО мәслихаты грамотасы. ҚР тәуелсіздігіне 5 және 10 жыл медальдарымен марапатталған.