Байболатов Турсынбай

      Байболатов Турсынбай 1939 жылдың 6 шіледсінде Төлеби ауданы, Момынай ауылында дүниеге келген. Бойдағы бұлқынған бұла күш пен жастық жалын Турсынбайды спортқа еріксіз алып келді. Алғаш бокс өнерін таңдады. Үзбей жаттыққан бір жылғы ынталы әрекеті бос кеткен жок. 1960 жылы “Еңбек” ерікті спорттық команда бойынша облыстық біріншілікте бірінші орын алған. Көп ұзамай ол “Жігітке жеті өнер де аз”  деген атам қазақтың ежелгі сөзін еске алып, спорттың басқа түрлі, халқымызға ежелден етене түрі – күреске бет бұрды. Байболатов Турсынбай әжептеуір даусы бар әнші де, қазақтын он бір буынды қара өлеңіне құмар өлеңші де болған. Қазақстанның 40 жылдығына арналған Х облыстық юбелейлік спартакиадада бірінші орын иеленген. Оңтүстік Қазақстан кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған жарыстарда 1961 жылы қатарынан екі рет екінші орын иеленсе, 1965 жылы бірінші орынға ие болған. Лениннің 100 жылдық мерей тойына, “Еңбек ардагері” медалімен, облыстық комсомол комитетінің Құрмет грамотасымен, 1969 жылы Жастар Одағаы Орталық Комитетінің Құрмет грамотасы мен марапатталған. 2013 жылдан бері округтің Төбе биі. Дербес зейнеткер, оркугтің Төбе биі ретінде ауылдардағы шешімін таппай жатқан түрлі әлеуметтік мәселелерді көпшілік жиын басқосуларда көтеріп, асыра терең мән бере отырып үнемі тиісті мәселелердің шешілуіне оң ықпал жасап келеді.