Омарбеков Бауыржан Бақытұлы

    Омарбеков Бауыржан Бақытұлы 1983 жылы 14 қарашада ОҚО Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы “Казкоммерцбанк” АҚ Шымкент филиалы бөлшек бизнесін дамыту секторының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары аралығында “Казкоммерцбанк” АҚ Шымкент филиалы № 814 операциялық бөлімінің тұтыну несиелерін сату бөлімінің менеджері, “Банк Туран Алем” АҚ ОҚФ несие желісі секторының меңгерушісі, “Альянс Банк” АҚ директорының бөлшек бизнесі бойынша орынбасары, “Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы” ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. 2015-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етіп, 2018-2021 жылдар Төлеби ауданының әкімі болып елге қызмет етті. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқаруда. “Қазақстан Конститутциясына 25 жыл” мерекелік медалімен, “Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталған.