Кендебай Ахат

      Кендебай Ахат 1949 жылы ОҚО Төлеби ауданы, Зертас ауыл округі, Жаңа Күш елді мекенінде туылған. Бірінші май ауылындағы мектеп – интернатта орты білім алып, Ленгір қаласындағы шахтада және Шымкент қаласындағы фосфор тұздарын өндіретін зауытта 2 жыл жұмыс істеген. Алматы мемлекеттік медицина иститутының “Фармация” факультетін бітіріп, денсаулық сақтау саласында көп жыл абыройлы қызмет атқарған. Жоғарғы санаттағы провизор – ұйымдастырушы. 1997 жылы Шымкент қаласындағы А.Асқаров негізін қалаған Дендросаябақтың басшылығына тағайндалып, зейнетке шыққанша сол жерде қызмет атқарған. “Заман желісі”, “Ой тұтқыны”, “Көгіршін көңіл”, “Бұлқынған жүрек” жыр жинақтарының авторы. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл”, Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жыл естелік медалімен, Кәсіподақтар Орталық комитеті Президиумының үшінші дәрежелі “Еңбек даңқы” белгісімен марапатталған.