Смайлов Омирали Сулеймеулы

Смайлов Омирали Сулеймеулы 1953 жылы 25 сәуірде Төлеби ауданынынң Ұзынарық ауылында дүниеге келген. Жоғарғы білімді. Шымкент педагогикалық институтының физика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Мақтаралы ауданы Я.М.Свердлов атындағы мектепте Физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Одан 1978-1979 жылдары осы мектепте тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін, 1979-1981 жылдары Төлеби ауданы, Диханкөл ауылындағы Диханкөл ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін, 1981-1984 жылдары Төлеби ауданы Момынай НОМ директоры қызметін, 1984-1988 жылдары Төлеби ауданы, Диханкөл ауылындағы Диханкөл ЖОМ директоры қызметін, 1988-1993 жылдары Төлеби ауданындағы “Калинин” атындағы ауылдық кеңесінің төрағасы, 1993-1996 жылдары “Қоғалы” ұжымдық шаруашылығы (колхоз) идеология жөніндегі төраға орынбасары қызметін, 1996-1997 жылдары Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылындағы Қ.Байболов атындағы ЖОМ директоры қызметін, 1997-2004 жылдары Төлбеи ауданы, “Ұзынарық” өндірістік кооперативтің төрағасы қызметін, 2004-2009 жылдары Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылындағы Қ.Байболов атындағы ЖОМ психолог, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін. 2009-2012 жылдары Төлеби ауданы, Қоғалы ауылдық округі әкімі қызметін, 2012-2016 жылдары Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылындағы Қ.Байболов атындағы ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін атқарған. 25.04.2016 жылдан бастап зейнеткер. 1987 жылы СССР оқу министрінің құрмет грамотасы. 1986 жылы О.Қ.О кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы. 1988 жылы О.Қ.О білім басқармасының құрмет грамотасымен. О.Қ.О мұғалімдер біліктілігін арттыру институты директорының мақтау грамотасы. 1999 жылы О.Қ.О әкімінің алғыс хаты. 2011 жылы О.Қ.О Төлеби ауданының алғыс хаты. 2012 жылы О.Қ.О “Нұр Отан” партиясының мақтау грамотасы. 2014 Төлеби Әлібекұлының 350 жылдығына арналған мерекелік төсбелгісімен марапатталған. 2015 жылы Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.