Таширов Абжаппар Балғаұлы

     Таширов Абжаппар Балғаұлы 1954 жылы 10 наурызда Төлбеи ауданы Көксәйек ауыл округі 8 мартелді мекенінде дүниеге келген. 1971 жылы 8 март орта мектебін бітіріп. 1974 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы “Көркем сурет ” училищесіне түсіп, оны 1978 жылы бітіріп шықты.1986 жылы Шымкент педагогикалық инситутына сырттай оқуға түсіп, оны 1991 жылы “Тарих және қоғамтану” пәні мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1978 жылы қырқүйек айынан бастап Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде “Бейнелеу және сызу” пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1981 жылы 8 март орта мектебінің “Бейнелеу және сызу” пәнінің мұғалімі болып ауысты. 1994 жылдың қаңтар айынан бастап “Төлеби жалпы орта мектебін” 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейн директорлық  қызметін атқарған. 2013 жылдың қыркүйек айынан астап, 2017 жылдың тамыз айына дейін яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін “Жеңіс жалпы орта мектебінің” директор қызметін атқарған.  1998 жылы Облыстық кәсіподақ кеңесінің “Құрмет” грамотасы, 2001 жылы Төлеби ауданы әкімінің “Алғыс хаты”, 2007 жылы Төлеби ауданы “Мәслихатының грамотасы”, “Нұр Отан” ХДП “Алғыс хаты”, Аудандық білім бөлімінің “Алғыс хаты”, “Үздік мектеп” директоры номинациясы, 2017 жылы ОҚ облыс ұйымы “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер белгісімен” марапатталған.