Қаратөбе ауылдық округі елді мекендерін абаттандыру және 2020-21 жылдарға абаттандыру мен санитариялық тазалыққа бөлінген қаржылар бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ауыл әкімінің есебі
Қаратөбе ауылдық округі елді мекендерін абаттандыру және 2020-21 жылдарға абаттандыру мен санитариялық тазалыққа бөлінген қаржылар бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ауыл әкімінің есебі
23 қазан 2021
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Е.Ералиевтың хабарламасын тыңдап, талқылап, жиын барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауылдық округі елді мекендерін абаттандыру және 2020-21 жылдарға абаттандыру мен санитариялық тазалыққа бөлінген қаржылар бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ауыл округінің әкімі Е.Ералиевтың есебі назарға алынып, аулы округінде абаттандыру мен санитариялық тазалық жұмыстарында кемшіліктердің бар екендігі аталып көрсетілсін.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысына:
- Қаратөбе ауылдық әкімшілігінің іс-қағаздарын ретке келтіру мақсатында округте семинар өткізіп, мамандарға әдістемелік көмек көрсету ұсынылсын.
3. Қаратөбе ауылдық округінің әкіміне:
- ауыл округінің санитарлық ахуалын барынша жақсартуға, жасыл желектерді күтіп ұстауға ауыл тұрғындарын кеңінен тарту, оларға өз аулалары мен үй айналасын абаттандырып, таза ұстауға ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- тұрғындармен келісім шарт түзіп, қатты қалдықтарды жинау және оларды жинақтап тасымалдау мәселесін шешу;
- жол картасымен жолданған мамандарды толық жұмыспен қамту мақсатында тиісті мекемелермен тығыз қарым-қатнаста атқарылатын жұмыстарды жандандыру ұсынылсын.
4. Мәжіліс барысында айтылған кемшіліктер мен қаулыда аталып көрсетіліп отырған жұмыстар бойынша, мәслихат аппаратына ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанға дейін атқарған жұмыстар жайлы жазбаша хабарлама ұсынсын.
Тұрақты комиссия төрағасы М.Ермаханбетова