Онлайн қабылдау

Сәлеметсіз бе!

Бұл интерактивті айдар болып табылады.

Бұл жерде сайтқа кірушілердің басшылық пен аудандық мәслихат депутаттарына жолдаған хаттарының жауабы жарияланады.

Сіздің хатыңыз қаралуы үшін төмендегі талаптарды сақтау қажет.

Берілген шаблонға:

1) тегі, аты-жөні,

2) қажет болған жағдайда мәслихаттың қызметкерлері сізбен хабарласуы үшін электронды мекен-жайын толық жазып, 
әр жолын дұрыс толтыру керек;

- бір хатта нақты және мазмұнға сай бір сауал жіберілуі қажет. Сіздің хатыңыздың мәтіні 1000 символдан аспауы тиіс (20 жол).

- белгілі бір тақырыпқа қатысты сұрақтарды тиісті санатқа жазу қажет. Оны толтыру үшін ұсынылған формадан таңдап алуға болады.

- қойылып отырған сұрақ аудан аумағына қатысты болуы тиіс;

- сұрақ анайы, біреуге тіл тигізетін сарында болмауы керек.

Жарияланған жауаптармен танысуды ұсынамыз. 
Себебі бұған дейін ақпарат берілгендіктен маңыздылығын талап етпейтін, 
қайталанып отыратын сұрақтар қаралмауы мүмкін.

Орфографиялық қателері мен қысқартылып жазылған сөздер жиі кездесетін, 
әрі бас әріппен жазылған өтініштер қаралмайды.

Сайт модераторы жөнсіз жазылған хаттарды, оларға жауап қайтармай алып тастауға құқылы.